Ехх-х-х, бір кем дүние десеңші…

Әкемнің сайтына еш мақала салынбай, бұл жерге ат ізін бұрмағаныма да біраз уақыт болыпты… Адамы көшіп кеткен, күтімі жоқ, қаңырап бос қалған үй сияқты болып көрінді көзіме. Сол қойған заттар сол жерінде қалған, шаң басып кеткен, үйге кірген адам ізі жоқтың қасы (соңғы рет бір ай бұрын коммент қалдырыпты), тек ашық қалған есік-терезеден гуілдеген желдің ызыңы ғана естілетіндей… Қайда көшіп кеткен, бұл жұрт? Әлде, мына өлеңдегідей «…малға өріс, жанға сая табам ба деп, ауғын боп ата жұрттан көшкені көп«,-деп бәрі көшіп кеткен бе бұл жерден? «Алтынның қолда барда, қадірі жоқ» — тамаша сайт қой, мына сайт, ішінде не бір қазына-байлық жатыр, ал бірақ күтімсіз қалған… Күйбең тірліктің ізімен жүріп, бұған қарауға да, мақала салуға да мұрша болмай барады. Мақала, өлең салмағасын жұрт та ауып кеткен ғой, бұл ауылдан. ..

… Ехх-х-х, бір кем дүние десеңші…..

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *