Естеу Нүсіпбековке арналған сайт

Сен де перзент еліңе

Елулікке енбекші еңселі елім,
Байқады әлем терезе теңшелерін.
Байқады әлем көз жазбай қазақемнің,
Бел буынып көп істі еңсерерін.

Байқады әлем жарысқа қосқан ұл, қыз,
Бәсекеде бәйге алып белсенерін.
Байқады әлем қазақты Нұрсұлтандай,
Ел бастаудың ысылған ең шеберін.

Сезіп, біліп отырмыз өзіміз де,
Адымды ол ұл аршынды өлшегенін.
Еш елмен де таласпай, тартыспай да,
Бейқұт жолмен озамыз жөнше көрім.

Мүддемізге мүддесі үйлесетін,
Ықпалдастың таңдадық ең шөгелін.
Ойластырдық залалсыз, нұқсансыз да
Бізбен қатар басқа ел де жол шегерін.

Сыйласқанды сыйлаймыз қағажусыз,
Жағаласып жыртпаймыз жеңсе-жеңін.
Ізетке де құрметке лайықпыз,
Сырқаттыға табамыз іздеп емін.

Беу, қарағым, ерен ер болсаң – еркің,
Тартып алып атақты, бұзған шебін.
Бәсекеден, бәйгеден шашау қалма,
Бір перзенттік Еліңе тисін себің.

© Естеу Нүсіпбеков

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *