Естеу Нүсіпбековке арналған сайт

Бөлекше тұстасынан

Батыр аға

(Батыр, ер Рахымжан ағаға)

Шәпету , сары жігіт, өңі ашаң,
Ырғайдай , тіп-тік түзу және жасаң.
Аз сөйлеп, көп тыңдайтын дегдар, бекзат,
Деп түйген: “Айтқан сөзден айнымасам”.

Сол дітін нықтап тұтқан өмірінде,
Жатқан шоқ жайнап оттай көңілінде.
Оққа ұйтқан жаудың жойқын топ танкісін,
Сұрқия сұр титанды темірін де…

Жас жұлын жиырмада-ақ еткен ерлік,
Ардақтап байтақ Отан, көп білерлік…
Әйтсе де еш ағаттық аңдатпаған,
Дем алып екі иіннен жөткірінерлік.

Бал мінез қалыбынан айнымаған,
Сурылып шыға салған жай құбадан.
Қашанда қастер тұтқан адамдықты,
Қорғантып тұсамаған қайғы-бодан.

Атағы қанша артса да , кісілігі,
Қалпынан өзгермеген кішілігі.

Таптады табанына замандарды,
Бөлекше тұстасынан түсінігі .
© Естеу Нүсіпбеков

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *