Намаз уақыттары

Келушілер

Тіл

Тіл — халықтың негізінің негізі,
Көштерінде шаңырақ артар өгізі.
Басқыншыдан басын қорғар қаруы,
Сегіз қырлы, сексен сырлы өгізі.

Тіл — халықтың тірлігінің тірлігі.
Қанын, тәнін бұзбай ұстар бірлігі.
Тіл — халықтың жанын көрер айнасы,
Ардай таза аппақ шаңқан кірлігі.
Жалғасы —> Тіл

Тіл маманы

Тіл маманы бірі едім торығулы,
Түйтіңдеген үмітсіз, зорығулы.
Ашылды өріс, алдымнан кеңістіктер,
Доғарайын қысылып қорынуды.

Көтерейін еңсемді төмендетпей,
Көк дөненім терін ап, көбеңдетпей.
«Өнер алды — қызыл тіл» деп кесеткен,
Ата сөзі арнасын бөгендетпей.
Жалғасы —> Тіл маманы

Жерлес ақын

Марат Ысқақов

ЖЕРЛЕС АҚЫН
(Марат Ысқақовқа)

Қандай жақсы қасыңдағы жолдасың
Деп жүрсе тек саған бақыт орнасын.
Деп жүрсе ол қолдан қалам түсірмей,
Күндіз-түні өлең мен жыр толғасын.

Қандай ғажап қасындағы жолдасың
Болса пікір, талғамда да қолдасың.
Бөгеттерден бөгелместен өтесің,
От сезімің досыңмен бір болғасын.

Сондай достың бірі деп біл Маратты,
Жаны отты, жанары өткір қарақты.
Ақын етіп, азамат қып табиғат,
Оны өзгеден өзгешелеу жаратты.
Жалғасы —> Жерлес ақын

Соғыс ардагерлеріне

Рақымжан Тоқатаевпен бірге
Армысыңдар, ағалар, от кешкендер!
Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.
Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!
Ар сыналған жылдарда от кешкендер.

От кештіңдер, қып-қызыл шоқ кештіңдер!
Аяр жаумен аянбай өштестіңдер.
Көзін жоймай гитлершіл жендеттердің.
Беттен қайту, бел шешу жоқ дестіңдер.
Жалғасы —> Соғыс ардагерлеріне

ТҮРКИЯҒА ОҚУҒА ЖҮРЕРДЕ СЕРІКЖАНҒА АЙТЫЛҒАН ТІЛЕК

Серикжан
Дос, туыстық жол ашып,
Білім іздеп барасың.
Нарт жомарттай қолы ашық.
Оң, солыңды шоласың.

Талап, еңбек жаратып,
Көкпарға еніп кетесің.
Адамдықты мәре етіп,
Ар-ұятппен өтесің.
Жалғасы —> ТҮРКИЯҒА ОҚУҒА ЖҮРЕРДЕ СЕРІКЖАНҒА АЙТЫЛҒАН ТІЛЕК

ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ…

ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ…
Қат-қабаты эфирдің қай тілдерде қақсайды?
Саңқылдамай міңкілдеп қай тілдерде ақсайды?
Қайсы дидар, қайсы көз шарасынан шақшайды?
Қайсы мойын қалтақтап, қайсы мойын қақшайды?

Міне бұған ой салмай кімдер бейғам қалғымақ?
Қайсы қазақ отырмақ мойны астына салбырап?
Қайсы қазақ шаршамақ орта жолда қалжырап,
Жауап іздеп сарсыла мініп шаппай арғымақ?
Жалғасы —> ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ…

Қырықтың бірі — Қызыр.

Қырықтың бірі — Қызыр.
(«Білгенге— маржан, білмеске— арзан» сөз)

Қызыр, Қыдыр — бір есім. Біреулер пайғамбар десе, біреулер әулие дейді. Ислам діні тарихында аталатын пайғамбарлар тізімінде Қызыр есімі кездеспейді. Соған қарағанда әулие деп түсіну дұрыс секілді.
Көз көргендерден әңгімелесем: ауыл қарттары қара жер бусанып, егістікке алғаш соқа салғанда және астық бауларын ағытып, қырманға төсеп жатқанда «қызыр дарысын», — деп ықылас айтатын.
Аталарымыз бен әжелеріміз бала-шағасы көп, үрім-бұтақты үйлерді «қыдырлы шаңырақ» деп қасиет тұтып, қастерлеп сөйлейтін.
Жалғасы —> Қырықтың бірі — Қызыр.